Рим Папасы Қарабақтағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды

Рим Папасы Франциск Қарабақтағы жанжалды бейбіт жолмен реттеуге шақырды. ҚазАқпарат бұл туралы Vatican News басылымына сілтеме жасап.

қарабақ
Фото: ANSA

Папа Франциск сәрсенбі күні ресми қабылдау кезінде Қарабақтағы гуманитарлық дағдарысқа алаңдаушылық білдірді.

«Кеше Оңтүстік Кавказдағы Қарабақтан алаңдатарлық хабар алдым. Онсыз да қиындап тұрғанда гуманитарлық ахуал енді жаңа қарулы қақтығыстармен ушыға түсуде», - деді понтифик.

Ол тараптарды шиеленісті тоқтатып, дағдарысты бейбіт жолмен шешуге шақырды.

«Қақтығысқа қатысушы барлық тарапты және халықаралық қауымдастықты қару қолдануды тоқтатуға және халық игілігі мен адамның қадір-қасиетіне құрмет үшін бейбіт шешімдерді табуға бар күш-жігерді салуға тағы да шақырамын», - деді Рим Папасы.

Соңғы жаңалықтар