«Amanat» партиясы Мәжіліс депутаттығына Вера Кимді ұсынды

«Amanat» партиясы Мәжіліс депутатының бос лауазымына Вера Кимді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вера Ким
Фото: «AMANAT» партиясынан

«Саяси кеңес бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Ким Вера Александровнаға берілді. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді», - делінген партия мәліметінде.

Вера Александровна Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

2003 – 2012 жылдар аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінде, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінде түрлі қызмет атқарды.

2012 жылы «Ұлттық волонтерлік желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.

2017-2021 жылдары «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасының үлестіру агенттігінің басшысы.

2021 – 2023 (қаңтар) жылдар аралығында – «Amanat» партиясы атынан Мәжілістің VII шақырылым депутаты.



Соңғы жаңалықтар