Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Спартакқа» есе жіберді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Спартак» (Мәскеу) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

барыс
Фото: ҚазАқпарат

Кездесудің алғашқы минуттарында ресейлік клубтың белсенділігі байқалып тұрды.
Нәтижесінде олардың қатарынан Михал Чайковски 9, Павел Порядин 13-минутта мергендік танытса, 17-минутта Аңсар Шайхмедденов есеп айырмасын қысқартты.
Ал 33-минутта ресейлік клубтан Егор Савиков, 36-минутта «Барыс» сапынан Эмиль Нұрғалиев гол соқты.
Одан кейін ресейлік Александр Пашин 37, Андрей Локтионов 44, Шейн Принс 50-минутта үш гол соқса, елордалық клубтан Джозеф Лабате 54-минутта мергендік танытты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді.
Енді елордалық клуб 23 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір), 25 қыркүйекте «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Нефтехимик» командасын ірі есеппен жеңді.

Соңғы жаңалықтар