Алматы мақта-мата комбинаты

ҚазАқпарат «Тарихи фото» айдарын ұсынады. Бүгін аты аңызға айналған Алматы мақта-мата комбинаты туралы әңгімелейміз.

мақта-мата комбинаты
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Кәсіпорынның құрылысы 1961 жылы басталып, 1965 жылы іске қосылды. 1981 жылы комбинатта өндірілген табиғи матаның жалпы көлемі 1 миллиард метрді құрады.

Кеңес заманында Алматы мақта-мата комбинаты қаладағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болды және жұмыстың тиімділігі мен сапасы жоғары мекеме деген атаққа ие болды.

1992 жылға дейін кәсіпорын жұмысшыларының саны 9 мыңнан астам адамды құрады.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін комбинат жекешелендіру бағдарламасы бойынша жекеменшікке берілді.

Соңғы жаңалықтар