«Барыс» елордада «Нефтехимик» командасын ірі есеппен жеңді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» елордада «Нефтехимик» командасын ірі есеппен жеңді
Фото: из открытых источников

Кездесу барысында қазақстандық команда жинақы қимыл көрсетті.

Ойынның 1-минутында Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін 3-минутта Нельсон Ножье басымдықты арттырды.

Ал 37-минутта Райли Барбер мергендік танытса, 43-минутта Понтус Оберг көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Елордалық Джозеф Лабейт 46, Понтус Оберг 54-минутта екінші голын соқса, Всеволод Логвин 57, Дінмұхамед Қайыржан 58-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Барыс қарсыласынан 8:0 есебімен басым түсті.

Енді елордалық клуб қатарынан үш ойынын сырт айдында өткізеді.

Алдымен 21 қыркүйекте Ресейде «Спартак» (Мәскеу) клубымен кездессе, одан кейін 23 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір), 25 қыркүйекте «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар