Целиноград
«ҚазАқпарат» ХАА «Тарихи фото» айдарын ұсынады. Бүгін редакция Целиноград қаласы туралы әңгімелейді.

1961 жылы 20 наурызда Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Сібірдің тың жерлерін жалпыодақтық игеру орталығы ретіндегі Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілді. Ақмола елді астықпен қамтамасыз етуде бүкілодақтық маңызы бар Целиноград өлкесінің орталығы еді.
Бұрын Целиноградта Қазақстандағы ең ірі ауылшаруашылық машиналарын құрастыру зауыты «Целинсельмаш» өндірістік бірлестігі (бұрынғы атауы – КСРО-ның 50 жылдығы атындағы зауыт), сондай-ақ жел эрозиясына ұшыраған аудандарға арналған ауылшаруашылық машиналарын шығаратын «Қазақсельмаш» зауыты орналасқан.
1960 жылдардан бастап мұнда күрделі құрылыс жұмыстары басталды. 1961-62 жылдардағы бас жоспар бойынша (жобаның бас сәулетшісі Г.Я. Гладштейн) қаланың оңтүстік-шығысындағы бос жерлерге типтік жобалар бойынша көпқабатты үйлер салынған жаңа тұрғын үй аудандар құрылды.