1,3 млн. теңгегеден астам қаржыны қымқырған алаяқ бес жылға бас бостандығынан айрылды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сәтбаев қаласының соты (Қарағанды облысы) осы қаланың тұрғыны Ләззәт Салықбаеваны халықтың 1.3 млн. теңгеден асатын ақшасы мен дүние-мүлікін алаяқтық жолмен өзіне алып қойғаны үшін бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
None
None
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Сәтбаев қаласының прокуроры Рамазан Ынтықбаев хабарлады.Алаяқтың арбауына 12 адам түскен. Ол адамдарды еңбекке орналасуға, тұрғын үй алуға және банктен жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдап соққан. Басқа жағдайларда, сотталушы қиын жағдайда қалдым деп, адамдардан өзі көмек сұраған. «2008 жылғы ақпанда Салықбаева отбасымен жол апатына түскені, өзіне және қызына операция жасау қажет, ал апасы қайтыс болды деген жан ауыртар жалған себептерді алға тарта отырып, азамат А.-дан жалпы сомасы 747600 теңгенің алтын бұйымдарын және ақшасын қақшып алған. Қайын атасына шұғыл операция қажет деп алдаған Салықбаева азамат Т.-ның 120 000 теңгесін қалтаға басқан. Ал, бірнеше азаматты жұмысқа орналастырмақ болғаны үшін олар, 185 000 теңгені суайттың қалтасына өздері салып берген. Банктен несие ресімдеу үшін, тағы бір ашықауыздың 25 000 теңгесін қағып түскен», - деген мысалдар келтірді қала прокуроры.«Осылайша, Л.Салықбаева заңсыз баю мақсатында, 2008 жылы азаматтардың сеніміне кіре отырып, оларды алдау арқылы 1 339 700 теңгенің бағалы мүліктері мен ақшасын иемденіп кеткен, - деп түйіндеді Р.Ынтықбаев. ? Сот үкімі күшіне енді, қазір сотталушы жазасын өтеуде».
Соңғы жаңалықтар