1-4 қыркүйекте елімізде күн ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 1-4 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда өткен үш күнде ауа-райы климаттық нормадан 3...10ºС жоғары ыстық болады. Алдағы демалыс күндері республикамыздың солтүстік жартысынан атмосфералық ағындардың жылжитын болады, осының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, осыған қарамастан қыркүйек айының басы ыстық болады деп болжануда.

Күндізгі ауа температурасы +25...+33, ал еліміздің оңтүстік, оңтүстік батыс және оңтүстік шығысының кей жерлерінде +35...+40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, бұл қыркүйек айының басында әдеттегі ауа температурасынан +3...+8 градусқа жоғары», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар