1,5 келі алтын тыққан әзербайжандық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байкал өңірінде шырын қорабында 1,5 кг  алтын тыққан Әзербайжан азаматы ұсталды. Ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 
None
None

Бұл жайлы дүйсенбі күні РФ Шығыс Сібір көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Көлік прокуратурасының қызметкерлері бұл азаматты Новая Чара станциясының вокзалында ұстаған. Ол прокуратура қызметкерлерінен қашуға әрекеттенген. Тексеру барысында оның сөмкесінен жалпы құны 2,7 млн рубльді құрайтын 1,5 кг алтын салынған шырын қорабы табылды», - деп мәлім етті ведомство қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адам бағалы металды ауылдардың бірінен тауып алып, болашақта қажетіне жаратуға сақтап қойғандығын айтқан.

РФ ҚК-інің 191-бабы 1-бөлімі («Бағалы металдарды заңсыз сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заң бабының санкциясы 500 мың рубльге дейінгі айыппұлмен бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. 

Соңғы жаңалықтар