1,5 млн. теңге беріп, туған ұлын өлтірткен анаға қатысты сот үкім өзгеріссіз қалдырылды - Алматы облысы
Ш.Әлиева туған ұлының үнемі ұрып-соғуына, ішімдік пен есірткіні пайдаланғанына шыдамай, оны өлтірту мақсатында 1 500 000 теңге беріп, кісі өлтірушілерді жалдаған. 2013 жылғы 28 қазанда екі адам Ш.Әлиеваның ұлын мас күйінде автокөлікке отырғызып, ауылдық округтің шетіне апарып, өлтірген. Автокөлікті, қылмыс жасау құралдарын кісі өлтірушілерге Ш.Әлиеваның өзі берген. 2014 жылғы 30 қыркүйекте облыстық соттың үкімімен өз ұлын өлтірткен шешесі және қастандық жасату мақсатында ол жалдаған екі азамат кінәлі деп танылып, 16 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыстық істер жөніндегі апеляциялық сот алқасының қаулысымен аталған үкім өзгеріссіз қалдырылды, хабарлайды ҚР Жоғарғы сотынан Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.