1,5 мың ауылдық жерде мектеп жоқ - ҚР БҒМ

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні ҚР 1 590 ауылдық елді мекенде мектеп жоқ.

1,5 мың ауылдық жерде мектеп жоқ - ҚР БҒМ

«Онда мекендейтін мектеп жасындағы бала саны 34 817, соның ішінде 10 бала денсаулық жағдайына байланысты мектепке бара алмайды»,-делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің таратылған мәліметінде.

29 707 (85,3 пайыз) оқушылар үшін тасымалдау ұйымдастырылған, соның ішінде 2 969 (8,5 пайыз) бала мектеп жанындағы интернатқа және үйіне аптасына бір рет және 26 738-і (76,8 пайыз) күн сайын тасымалданады.

Балаларды тасымалдау 1443 автобуспен жүзеге асырылады, соның ішінде 732 (51 пайыз) автобус мектептердің меншігінде, 220 (15 пайыз) - әкімдіктерге, 143 (10 пайыз) - шаруашылықтарға және 348 (24%) - өзге меншік иелеріне тиесілі.