1 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.
None
None

Астана қаласы

Сағат 9.00-де Сенаттың Дариға Назарбаева бастаған Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері жұмыс сапарымен Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы «KazSat» сериясындағы ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешеніне барады.

09.30-да Назарбаев орталығында ҚР Президенті Іс басқармасының қолдауымен және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Щучинск-Бурабай курорттық аймағының даму болашағы» тақырыбында іс-шара өтеді.

10.00-де Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» және «Қорғаныс және аэроғарыш қызметіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобалары қаралады.

11.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске статистика мәселелері бойынша түзетулерді таныстырады.

11.30-да «The Ritz-Carlton»  отелінде Дэвис кубогының жеребесі тартылып, Қазақстан мен Швейцария командаларының баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Тәуелсіздік сарайының галерея залында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Қазақстан суретшілерінің шығармалары» көрмесіне арналған ашық есік күні өтеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қамту жөніндегі байқау қорытындылары» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де «Жеті қазына» мейрамханасында 2017 жылдың қорытындысы бойынша спортшылар мен бапкерлерге салтанатты түрде құрмет көрсетіледі.


Алматы қаласы

09.30-да IT-кварталында Global Venture Alliance (АҚШ) ұйымымен бірлесіп «ПИТ» (Tech Garden) дербес кластерлік қоры жүзеге асырып жатқан Startup Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасының ашылуы болады.

15.00-де SmArt.Point алаңында Алматы қаласы әкімдігі OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің қолдауымен міндетті медициналық сақтандыру бойынша ашық ақпараттық кездесу өтеді.

16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қытайлық суретші Чжан Биюньнің көрмесі болады.

  

Шымкент қаласы

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ОҚО құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы және 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

12.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры А.Ботанбеков 2017 жылдың қорытындысы мен «Коллекторлық агенттіктердің қызметі» атты жаңа бөлімнің қызметі жайында брифинг өткізеді

 

Көкшетау қаласы

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысындағы балабақшаларға біртұтас кезекті енгізуге қатысты брифинг өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар