Автогаздың бағасы қай өңірде қалай өзгереді – министр бұйрығы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жанар-жағармай құю станцияларында автогаздың шекті бағасы өседі.

АГЗС газовая заправка газ құю станциясы
Фото: Kazinform

Бірақ, баға әр аймақта әртүрлі, яғни литрі 65 теңгеден 107 теңгеге дейін өзгереді. Толығырақ Энергетика министрінің бұйрығында айтылған. 

Қазір ел өңірлерінде автогаз 54 теңге мен 94 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы литріне 65 теңгеден 102 теңгеге дейін өседі.

Айта кетсек, ең жоғары баға Алматы мен Астана қаласында (литрі 102 теңге) сатылады, ал арзан баға Маңғыстау облысына тиесілі ( литрі 65 теңге).

1 ақпаннан бастап өңірлерде автомобиль газының құны қалай өзгереді:

  • Астана қаласы - 102 теңге (қазір 82 теңге)
  • Алматы қаласы - 102 теңге (қазір 89 теңге)
  • Ақтөбе, Атырау облысы - 77 теңге (қазір 59 теңге)
  • Ақмола, Алматы облысы - 102 теңге (қазір 84 және 89 теңге)
  • Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облысы және Абай облысы - 102 теңге (қазір 84 теңге)
  • Жамбыл облысы - 90 теңге (қазір 78 теңге)
  • Батыс Қазақстан облысы - 77 теңге (қазір 70 теңге)
  • Қызылорда облысы – 90 теңге (қазір 70 теңге)
  • Маңғыстау облысы - 65 теңге (қазір 59 теңге)
  • Павлодар облысы - 102 теңге (қазір 81 теңге)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 102 теңге (қазір 89 теңге)
  • Шымкент қаласы және Түркістан облысы - 90 теңге (қазір 70 теңге).

Еске сала кетсек, былтыр еліміздің бірнеше өңірінде автогаз тапшылығы байқалды. Мәселен, Орал қаласында автогаз құю стансаларының бірқатарында сұйытылған мұнай газы жоқ болса, барларында кезек сейілмей тұрғанын хабарладық. 

Сонымен қатар Түркістан облысында да автогаз тапшылығы туындады. 

Сондай-ақ, жаңа газ бағасының нарыққа әсері туралы сарапшылар пікірін білген едік. 

Соңғы жаңалықтар