Бір аптада елордада көлікті мас күйде басқарған 25 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бір апта ішінде елорда аумағында үш мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков айтты.

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 500 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: Kazinform

- 2025 жылғы 18-21 ақпанда Астана қаласының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтауға ерекше назар аударылды, - деді Ержан Әділбеков Астана қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Басқарма басшысының дерегінше, іс-шара нәтижесінде 3 336 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде:

- қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алған 58 такси жүргізушісі;

- ҚР аумағында болу ережелерін бұзған 113 шетелдік азамат;

- тіркеуден өтпеген көлік құралын басқарған 47 жүргізуші;

- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарған 1 жүргізуші;

- көлік басқару кезінде телефон немесе радиостанция пайдаланған 183 жүргізуші;

- жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзған 484 жүргізуші;

- маневр жасау ережелерін бұзған 162 жүргізуші;

- қарсы жолаққа шыққан 61 жүргізуші;

- бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен 129 жүргізуші;

- жаяу жүргіншілерге жол бермеген 108 жүргізуші;

- апаттық жағдай туғызған 111 жүргізуші;

- мас күйінде көлік жүргізген 25 жүргізуші;

- жүргізу құқығы жоқ болса да көлік басқарған 55 адам;

- медициналық куәландырудан бас тартқан. 2 жүргізуші;

- белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен 591 жаяу жүргінші.

- Жол жөндеу, теміржол өткелдерін және басқа да жол инфрақұрылымдарын ұстау талаптарын бұзғаны үшін 23 ұйым, алдын ала рейстік және медициналық тексеруден өтпеген такси көліктерін шығарғаны үшін 10 такси компаниясының жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Абай облысында төрт күнде мас күйде көлік айдаған 11 адам ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар