12:35, 26 Тамыз 2017 | GMT +5
1 ай із-түссіз кеткен семейлік қыз Алматыда қамсыз жүрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейлік RINA.KZ еріктілері із-түссіз жоғалып кеткен 19 жасар қызды Алматыдан тапты, деп хабарлайды Устинка Live .

Еске сала кетейік, 14 шілде күні үйінен шығып кеткен Жансая Сафаева сол күйі қайтып оралмағандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз .
«Бізге Алматыдан қоңырау шалып, іздеу жарияланған қызды тұспалдап танығандықтарын айтты. Жансая аман-есен, жағдайы жақсы. Таяуда ол үйіне оралуға тиіс. Іздеу жұмыстарына ат салысқандардың барлығына алғыс айтамын», - деді еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.
Белгілі болғандай, 19 жастағы семейлік қыз Алматыға жұмыс істеп, табыс табуға кеткен. Оның не себепті байланысқа шықпағандығы әзірге белгісіз.