1 доллар 600 теңгеге жете ме – Ұлттық банк төрағасы жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 1 АҚШ доллары 600 теңгеге жетпейтінін айтты. 

Тимур Сүлейменов
Фото: Тимур Сүлейменов

- Ұлттық банкте тиісті талдау жасалды. Соның аясында 1 доллар бағамы 600 теңгеге жетеді деп болжап отырған жоқпыз. Бұл ретте бағам қазіргі қалыптасқан деңгейде сақталуы мүмкін. Жаңа ғана тексердім (ресми бағамды), Қазақстан қор биржасында оның деңгейі 523 теңге шамасында, - деді Т. Сүлейменов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол валюта бағамының өзгеруін нарық анықтайтынын еске салды.

- Жоғарыда айтқан болжам келесі жылға қатысты, - деп нақтылады ҰБ басшысы.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 523,58 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 549,71.

Соңғы жаңалықтар