1 қаңтарда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 08:00–дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды:

Павлодар облысы

• республикалық маңызы бар «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» автожолының 0-263-шақырым аралығы (Атамекен ауылы — РФ шекарасы).

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 189-492-шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы — Орал қаласы);

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-526-шақырым аралығы (Барбастау ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-610-шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Қобда ауылы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 179-189-шақырым аралығы (Индер ауылы — БҚО шекарасы).

Ақмола облысы

• республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы өткізу бекеті — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау өткізу бекеті).

Жамбыл облысы

• республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238-шақырым аралығы, Қордай асуының жаңа айналма жолы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы).

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды:

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығы (Көктума ауылы — Достық станциясы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, бұған дейін республиканың 16 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бейсенбі, 1 қаңтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар