1 қаңтарда «Халық бухгалтері» акциясы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың 1 қаңтарында салықпен тікелей жұмыс істейтін мамандарға арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мәлім етті.

1 қаңтарда «Халық бухгалтері» акциясы басталады
Фото: Pexels

— Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге көмектесу үшін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады. Биылғы 19 желтоқсанда бухгалтерлер қауымдастығымен кездесуде біздің бастамамыз қолдау тапты, — деді Мәди Такиев.

Акция аясында ресми ресурстар арқылы онлайн-консультациялар беру көзделген. Сол үшін арнайы Telegram-арна құрылады. Сондай-ақ, оффлайн және онлайн форматта вебинарлар өткізілмек. 

— Акцияға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылады. Акцияны бірінші жартыжылдық бойында өтеді, — деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шараларын талқыланып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар