1 қаңтардан бастап айлық есептiк көрсеткiш 2 121 теңге болып белгіленді

Өткен 2015 жылы бұл көрсеткіш 1982 теңге болған.
Бұл көрсеткіш 2015 жылдың 30 қарашасындағы № 426-V «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес белгіленген.
«Әлеуметтік қорғауға бағытталған шығыстар алдағы үш жылда 6 трлн 527 млрд теңгеге жетеді. Соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шығыстар 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 244,6 млрд теңгеге артып, 1 трлн 879 млрд теңгені құрайды»,-деп атап өтті аталмыш Заң жобасын Мәжілісте талқылау барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 30 қарашасында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленген «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.