1 қаңтардан бастап iKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының цифрлық сервистерін жаңғырту аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап iKOMEK109 қолданыстағы мобильді қосымшасы арқылы өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылады.
- Жаңартылған мобильді қосымша іске қосылғанға дейін тұрғындар мен қала қонақтары өз өтініштерін балама арналар арқылы жолдай алады. Атап айтқанда, өтініштерді iKOMEK109 Telegram чат-боты арқылы, 109 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып (қалалық және ұялы телефондардан), Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты — www.gov.kz, 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы, сондай-ақ iKOMEK109-тың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жіберуге болады, - делінген ақпаратта.
Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы уақытша қолайсыздықтарға байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытуды сұрап, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Айта кетейік, Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал 20 күнге қамалды.