1 қаңтардан бастап Мұнай-газ саласындағы ЕАЭО-ның жаңа техникалық регламенттері күшіне енеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Мұнай-газ саласындағы ЕАЭО жаңа техникалық регламенттері күшіне енеді. Ол 2016 жылғы 9 тамызындағы № 68 Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің шешімімен қабылданды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы атынан мұнай-газ саласындағы Еуразия экономикалық одағының келесі техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады», делінген хабарламада.

Еуразиялық экономикалық одағының «Отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар» техникалық регламенті ЕАЭО ТР сұйытылған көмірсутек газдарының физика-химиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

ЕАЭО ТР туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында  орналастырылған. 

Қазіргі уақытта ЕАЭО ТР стандарттар тізімінің жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал, Еуразиялық экономикалық одағының «Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдау үшін магистралдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті ЕАЭО ТР жобасы магистралдық құбырларды жобалауға, салуға, пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.

2016 жылдың 29 сәуірінен бастап 11 тамызына дейін ЕАЭО ТР жобасының жария талқылауы болды.

2016 жылғы 15 желтоқсанда бейнеконференция форматында ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің уәкілетті органдары басшыларының келіссөздері өткізілді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша ЕАЭО ТР жобасын мемлекетішілік келісуге жіберу туралы шешім қабылданды.

ЕАЭО ТР жобасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан танысуға болады. ЕАЭО ТР жобасының қабылдануы 2017 жылда күтілуде.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одағының «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті ЕАЭО ТР жобасы мұнайдың физика-химиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2015 жылдың 30 қазанынан бастап 2016 жылдың 22 қаңтарына дейін ЕАЭО ТР жобасының жария талқылауы болды.

2016 жылғы 8 қыркүйекте бейнеконференция форматында ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің уәкілетті органдары басшыларының келіссөздері жүргізілді.

Қазіргі уақытта ЕАЭО ТР жобасының Қазақстан Республикасында мемлекетішілік келісу рәсімдері өткізілуде.

ЕАЭО ТР жобасы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында  орналастырылған. 

Төртінші  Еуразиялық экономикалық одағының «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газ қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті ЕАЭО ТР жобасы магистралдық газ құбырлары бойынша тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газының, жанғыш табиғи өнеркәсіпті және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарға газдың, сығылған және сұйытылған газдардың физика-химиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2016 жылдың 29 сәуірінен бастап 11 тамызына дейін ЕАЭО ТР жобасының жария талқылауы болды.

2016 жылғы 15 желтоқсанда бейнеконференция форматында ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің уәкілетті органдары басшыларының келіссөздері өткізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша ЕАЭО ТР жобасын мемлекетішілік келісуге жіберу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар