1 қараша. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Философия және құқық институтының (Мемлекет және құқық институты) ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, бөлім меңгерушісі, директор орынбасары, Институттың директоры (1962-1992); Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы (1992-1995); «Қайнар» университетінің проректоры (1995-1996); «Әділет» Жоғары құқық мектебінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры (1996); «Қайнар» университетінің проректоры, заң факультетінің деканы (1996-2002); Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі (2005-2008); Қазақ мемлекеттік заң университетінің жанындағы Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры (2008 жылдан бері). 300-ден астам ғылыми еңбек жазған, соның 20-сы монография. Қазақстан Республикасының Конституциясын, мемлекеттік басқару органдары туралы заң жобасын жазуға қатысқан. АҚШ, Франция, Бразилия және басқа елдерде өткен халықаралық конгрестерде баяндама оқыған.
ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің медальдарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Батыс Қазақстан облысында туған. 1951-1955 жылдары Орал педагогикалық училищесінде, 1956-1958 жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрының жанындағы хор студиясында білім алған. 1965 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) профессор Е.Г.Брусиловский класы бойынша бітірген.
«Қазақфильм» киностудиясында музыкалық редактор (1964-1965); «Мектеп» баспасында музыка редакциясының меңгерушісі (1965-1966); 1966 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды; Қазақстан композиторлар одағының екінші хатшысы; КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі (1973-1984); Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры (1984-1987); Композиторлар одағының бірінші хатшысы (1991-1998) қызметтерін атқарған. Базарбай Жұманиязовтың тұңғыш музыкалық шығармасы - «Жер» (О.Сүлейменов сөзіне) ораториясы. Сондай-ақ оның «Махамбет» операсы (1990 жыл), «Отан туралы кантата» (1972 жыл), «Еңбек даңқы» (1974 жыл), «Отан салтанаты» (1974 жыл), «Мерекелік шеру» (1980 жыл), «Достық» (1980 жыл), «Кең байтақ Отаным менің» (1988 жыл) кантаталары; «Халқым туралы ән» (1969 жыл), «Кек әні» (1978 жыл), «1731» атты вокалды-симфониялық поэмалары; «Дала» (1976 жыл) симфониялық картинасы; «Қуаныш» (1980 жыл) симфониялық күйі; симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987 жыл); «Айтыс» (1972 жыл) атты вокалды-хореографиялық композициясы, «Ақырзаман жастары» (Абай сөзіне, 1995 жыл), «Жамбыл тойы - ел тойы» (К.Салықов сөзіне, 1996 жыл), «Жамбыл - Құлмамбет» (Т. Молдағалиев, 1996 жыл) кантаталары және көптеген әндері мен романстары бар. Сазгер 10 спектакль мен 18 кинофильмге музыка жазды. Ол 1970 жылы Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын жер, енді!» атты поэмасына арнап жазған 5 бөлімді кантатасы үшін Бүкілодақтық жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. 1986 жылы «Халықтар достығы» және 1999 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018); Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (2018-2019); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (02.2019-10.2019).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы қазанда кірісті.