1 қазанда марафонға байланысты Алматыдағы кей жолдар жабылады

«Алматы марафоны» жүгіру жарысының ұйымдастыру комитеті жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

марафон
Фото: freepik.com

1 қазан таңғы сағат 7:00–ден түскі 13:30–ға дейін марафон өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 1 қазанда сағат 7:00–ден 13:30–ға Сәтбаев көшесі, Сейфуллин, әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі, Абай даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

1 қазанда мына жолдарда қозғалыс шектеледі:

— Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:40-қа дейін қозғалыс толық жабылады. Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді;

— Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 11:10-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді;

— Әл-Фараби даңғылында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады;
— Саин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады. Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді;

— Абай даңғылында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін дейін қозғалыс ішінара жабылады, даңғылдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады. Шығыс бағытта балама жол әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшелерінің бойы;

— Байтұрсынов көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады. Балама жол Байзақов көшесімен өтеді;

— Сәтбаев көшесінде Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс толық жабылады. Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді;

— Сәтбаев көшесінде Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады;

— Шашкин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін жабылады. Балама жол Марков көшесімен өтеді;

— Тимирязев көшесінде Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады. Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен өтеді;

— Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс жабылады. Балама жол солтүстік бағытта Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытта Манас көшесімен өтеді.

Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:

— Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін;

— Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

— Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару;

— Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;

— Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін;

— Метромен «Абай» станциясына дейін;

Естеріңізге сала кетейік, 1 қазандажыл сайынғы ең ірі жүгіру жарысы – «Алматы марафоны» өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар