1 қазанда «Медеу» мұз айдыны ашылады

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 1 қазан күні сағат 10.00 -да «Медеу» мұз айдыны ашылады.
None
None

Сырғанау маусымының ашылуына орай, әлемге әйгілі мұз айдынында бұл күні түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламалары дайындалатын болады.

«Медеу» мұз айдыны бұрынғы кесте бойынша, яғни бейсенбіден жексенбіге дейін, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін және 18.00-ден - 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сырғанау үшін билет құны: үлкендер үшін - 1600 теңге, 7 - 12 жас аралығындағы балалар үшін - 500 теңге, студенттер мен зейнеткерлер үшін - 800 теңге тұрады, ал, 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

«Медеу»мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691,2 метр биіктікте орналасқан. Ол 1972 жылы салынды. Мұз айдынының алаңы - 10,5 мың шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар