1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.


Соңғы жаңалықтар