12:22, 12 Маусым 2019 | GMT +5
1 қыркүйекке дейін жемқорлыққа қарсы реформалар топтамасы дайындалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлықты жою мәселесіне тоқталған Президент, «1 қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық - мемлекеттің дамуын тежейтін кесел", - деп ерекше атап өтті.
"Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», - деді Мемлекет басшысы.