1 қыркүйекте Ақмола облысында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі - Сергей Кулагин

Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен педагогика қызметкерлерінің тамыздық пленарлық кеңесінде облыс әкімі Сергей Кулагин мәлім етті. Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысты.
Кеңесте сөз алған аймақ басшысы биылғы оқушы облыстағы білім ордаларының саны тағы бірнеше жаңа мектептермен толығатынын атап өтті.
«Қазіргі кезде облыста жалпы құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын барлығы 1780 оқушыға арналған 5 мектептің құрылыс аяқталуға жақын. Оған қоса, 1,2 миллиард теңгеге салынып жатқан барлығы 520 орындық 2 балабақшаның құрылысын аяқтау көзделген. Сондай-ақ, жақында Ақкөл қаласында қалпына келтіріліп жатқан балалар үйін пайдалануға беру жоспарланған. Оның құны 763,2 бағаланып отыр.
Ал, 1 қыркүйек күні тарту ретінде Щучье және Ерейментау қалаларында, Целиноград ауданының Тайтөбе ауылында және Еңбекшілдер ауданының Мақпал ауылында барлығы 4 мектеп пен Көкшетау қаласындағы «Көктем» шағынауданында балабақша пайдалануға беріледі», деді С.Кулагин.
Сонымен қатар, аймақ басшысы осы жылдың қазан айында Целиноград ауданының 96 разъезінде салынып жатқан жаңа мектеп пен облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде құрылысы қолға алынған жаңа балабақша тапсырылатын атап өтті.