1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні туралы не білеміз

Бірлік күні
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 мамыр мерекесінің шығу тарихына үңілсек, ол аса қатты қуанышты жайтпен басталмаған. Өткен ғасырдың ортасында Чикагода жұмысшылар еңбек шартын жақсартып, жұмыс күнін 8 сағатқа дейін қысқартуды талап етіп көшеге шықты. Бірақ тәртіп сақшылары тарапынан қатты қысым көріп, ондаған адам қатты жарақат алса, бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Светлана Ананьеваның айтуынша, осы жағдайды еске алу және бүкіл әлемдегі жұмысшылармен ынтымақтастық белгісі ретінде 1 мамыр жұмысшылардың ынтымақтастық күні ретінде атала бастаған. 

«Ертең атап өтілетін мерекенің ұзақ даму тарихы бар. Австралияда алғаш рет 1856 жылы жұмысшылар ереуілі болды. Қазір бұл мерекенің әр елде әртүрлі атауы бар: „көктем мерекесі“ немесе Беларуссиядағыдай „Көктем мен еңбек мерекесі“. „Еңбек мерекесі“ әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі. Австралиядан кейін бұл оқиға АҚШ-тың Чикаго қаласында өтті, онда өз құқықтарын қорғаған жұмысшылардың ереуілі болды. Кеңес одағы кезінде 1-мамыр мерекесінің ұраны „Бейбітшілік, еңбек, мамыр“ деген сөздер болуы кездейсоқ емес. Біз осындай аласапыран уақытта өмір сүріп жатырмыз, бейбітшілік туралы армандар әрқайсымыздың жүрегімізде деп ойлаймын», — деді ол.

Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Зульфия Хусеинова 1 мамыр — жалпыхалықтық бірлік күні, Қазақстанның барлық этностарының достық және келісім мерекесі екенін атап өтті. 

«Осы мереке пайда болған жылдар ішінде бірқатар ұсыныс жасалды. Ол әртүрлі этностардың өкілдері арасында мерекенің мәні мен құндылығы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру қажеттілігінен туындады. Ұлтшылдық пен ксенофобияның көрінісіне қарсы күрес. Жаһандану жағдайында барлық этностардың тілі мен мәдениетін сақтау және насихаттау. Сонымен бірге маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Мереке түрлі ұлт өкілдерін біріктіре отырып, қазақстандық бірегейліктің нышандарының біріне айналды. Ұлттық тілдерді, мәдениетті дамытуды қолдайтын этномәдени орталықтар құрылды-бұл біздің Қазақстан халықтарының Ассамблеясы», — деп толықтырды Зульфия Хусеинова.

Соңғы жаңалықтар