03:25, 02 Маусым 2015 | GMT +5
1 маусым күні Алматы облысының бүлдіршіндеріне көліктерге сурет салуға рұқсат берілді (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Балаларды қорғау күніне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекеге қаладағы кішкентай тұрғындарды және олардың ата-аналарын шақырды.

Балаларға арнап мұражай бойынша экскурсия, асфальтқа сурет салу ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Радуға» білім орталығы, «Children's Club» дамыту орталығы, Акуна Матата» бабалар орталығы «Любознайка» балалар бақшасының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды, автомобильдердің Baby Taxi парады ұйымдастырылды. Тіпті осы күні балаларға көліктерге сурет салуға рұқсат берілді.
«Әрбір адамға дарын табиғат арқылы беріледі, тек ол дарынды кішкентай кезден бастап дамыту қажет. Балаларға суреттерде образ жасауға үйрету арқылы сіз оларды дамыта аласыз. Қарындашпен сурет салу балаларға қызық болып қана қоймай, пайдалы да. Қарындашпен сурет салып отырған бала сабырлы болуға дағдыланады», - деді мұражай қызметкерлері.