17:46, 02 Маусым 2014 | GMT +5
1 маусымда дүниеге келген балаларды этномәдени орталықтардың өкілдері мерекемен құттықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев, облыстық татар, еврей, грек, славян этномәдени орталықтарының өкілдері қалалық перзентханада болып, 1 маусым күні дүниеге келген сәбилерді мерекемен құттықтады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады.
Шараны Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «IZET» қоғамдық қоры «Ұлтаралық қарым-қатынасын нығайту бағытында ақпараттық түсіндірме және мәдени шаралар ұйымдастыру» жобасының аясында ұйымдастырды.
Қалалық перзентхананың бас дәрігерінің орынбасары Олег Вячеславовичтің айтуынша, биылғы жылдың төрт айында қалада 2927 сәби дүниеге келген. Ал 1 маусымда Қызылорда қаласының өзінде 26 сәби дүние есігін ашты. Олардың 16-сы - ұл, оны - қыз бала.