1 маусымда Қазақстанда өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА
Сағат 10-00-де ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов еліміздің жоғары сот органы жанындағы Халықаралық кеңестің кезекті отырысына төрағалық етеді.
Дәл осы уақытта «Динамо» стадионының базасында Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан елордасының 20 жылдығына орай «Бақытты балалық күзетінде» деп аталатын балаларға арналған спорттық шара өтеді.
Ал сағат 10-30-да Дүниежүзілік шашыраңқы склероз күніне орай баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі де осы уақытта басталмақ.
Ал араға жарты сағат уақыт салып, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов қазақ-британ қарым-қатынастарының өзекті мәселелеріне қатысты брифинг өткізеді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Назарбаев Университеті IV түлектерінің оқу бітіру салтанатты рәсімі де өтеді.
Сағат 14:00-де Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Республикалық диагностикалық орталығы педиатрия бөлімінің дәрігерлері Астанадағы SOS Балалар ауылына барады.
Ал сағат 15:00-де Soluxe hotel Astana қонақ үйінде «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан мен Қытай өкілдерінің қатысумен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
19.00-де «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің ашылу салтанаты өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 09:00-де Алматыдағы «Динамо» стадионында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық бұқаралық түрлері бойынша 14-ші қалалық спартакиада салтанатты түрде ашылады.
Бір сағаттан кейін оңтүстік астанадада балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі өтеді.
Сағат 11:00-де «Lumiera Cinema» кинотеатрында Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің көпбалалы отбасыларына шыққан балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.
Сағат 15:00-де танымал тарихшы, ҚР ҰҒА құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омаровтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан тарихына жаңа көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфедерция жұмысын бастайды.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Сағат 9.00-де каноэде қалалық біріншілік өтеді.
Сағат 10.00-де Халықаралық балалар күніне орай Исатай-Махамбет алаңында мұнайлы астананың музыкалық оркестрлері мен би ансамбльдерінің салтанатты шеруі өтеді.
Сағат 10.00-де орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайысы ұйымдастырылады.
Сағат 19.00-де Қ.Смағұлов алаңында Street Workout турнирінің финалы болады.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Сағат 9:30-да Қызылорда қаласындағы Өнер арбатында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала - бақыт бақшасы» атауымен мәдени-көпшілік шаралары болады.
Сағат 10:00-де Қызылордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Досты үйі мен орталық алаң аралағында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізіледі.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 08:45-те Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шабыт» шеруі өтеді. Оған 200 мыңға жуық оқушы қатысуы жоспарлануда.
Сағат 11.00-де Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілген «Бәйдібек баба» туралы 10 минуттық анимациялық фильмінің тұсау кесері өтеді. Анимациялық мультфильмге жергілікті бюджет есебінен 13 млн 800 мың теңге қаржы бөлінген.