1 миллион 100 мың АҚШ долларын пара ретінде ұсынған азаматтың кімді жебеп отырғаны бізге белгілі - Қаржы полициясы

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Тергеу басқармасының бастығына  Темірәлі Шіркенбаевтың  пара ұсынуы фактісін растайды,
None
None

  деді бүгін аталмыш ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін журналистермен болған апталық брифингте, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

 Оның айтуынша, бұл қылмысқа қатысты азаматтардың аты-жөндерін тергеу жұмыстары аяқталмайынша жариялауға болмайды. «Алдын ала хабарланғанындай Т.Шіркенбаевтың қаржы полициясы қызметкерлеріне ұсынған парасы қамауға алынған Тұржанов пен Статистика агенттігі өкілдерінің жауапкершіліктерін жеңілдетіп, олардың әрекеттерін жемқорлық емес, одан жеңілірек экономикалық қылмыстардың қатарына жатқызуға  бағытталған. Бұл қызмет үшін Т.Шіркенбаев 600 мың АҚШ долларын ұсынды. Тап осы күні ол қаржы полициясы қызметкеріне оның кабинетінде осы параның бір бөлігі -

100 мың АҚШ долларын берді. Ол тіпті агенттік қызметкерлеріне өзі ұсынған жауапкершіліктен жалтару жұмыстарының қалай жүзеге асырылуы тиістігін жазбаша түрде көрсетіп берген. Ал қылмыстық іс мүлдем тоқтатылатын болса, Т.Шіркенбаев пара көлемін 1 миллион 100 мың АҚШ долларына дейін жеткізетіндігін айтты. Маусым айының 26-сы күні Т.Шіркенбаев қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына өзі ұсынған параның кезекті бөлігі 50 мың АҚШ долларын беру кезінде ұсталды. Аталған азаматтың қамауға алынған Серік Тұржановтың өкілі екендігін дәлелдейтін материалдар тергеушілерде жетерлік. Бұл материалдардың ұсталған азаматтарға кінә тағуға жеткілікті екендігін прокуратура да мойындап отыр. Бұл мәселені сот органдары да ескеретін болды. Сондықтан бұл іс бойынша ешқандай да күмәнді жайттар жоқ», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар