1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы артты - Г. Әбдіқалықова

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы артты.
None
None

Бұл туралы бүгін он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

«Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын көбейту аясында биылдың 1 шілдесінен бастап айлықты кезекті 30 пайызға арттыру жүргізіліп, оған 1 млн. 300 мыңнан астам адам қамтылды»,-деді министр. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бюджет қызметкерлерінің орташа еңбекақасы биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 61, 5 мың теңгеге жетті.

Бүгінде зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері - 52 мың теңге, ең төменгі мөлшері - 24 мың теңгеге, сондай-ақ Қазақстан бойынша орташа деңгейі 35,6 мың теңге болды.

Соңғы жаңалықтар