1 млн. жалған теңге сатқан алаяқ ұсталды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы қала аумағында жалған ақша купюраларын дайындауда және сатуда күдікті павлодарлыққа қатысты екі қылмыстық іс қозғады,
None
None

деп хабарлады Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, 15 ақпанда күдікті әрқайсысы екі мыңдық жалған 50 банкнотты 20 мың теңгеге сатып жіберген. Оған қоса 100 мың теңгеге бақылау сатып алуды өткізу кезінде бір млн. теңгеге 500 ақша купюраларын дайындап, сатқан.

Сот санкциясымен 18 ақпанда күдікті қамауға алынды, тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар