1 мыңға жуық шетелдік азамат Түркия шекарасынан заңсыз өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік шекара сақшылары Сирия, Болгария, Грекия және Ирак елдерінен Түркия аумағына заңсыз өтуге әрекеттенген 975 адамды ұстады. 

1 мыңға жуық шетелдік азамат Түркия шекарасынан заңсыз өтпек болған

Бұл жайлы Түркия қарулы күштерінің бас штабына сілтеме жасаған «Анадолы» агенттігі хабарлайды.

Сириямен шекарада жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 15 980 қорап сигарет, аң аулайтын мылтық түріндегі контрабандалық заттар тәркіленген.

Операция барысында Хаккаридегі Шемдинли ауданында үш, Мардиннің Қызылтепе ауданы мен Ширнактағы Силопе аудандарында бір-бірден қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар жойылды.