1 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 1 шілде  күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

1 шілде. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1958) ақын, Kazinform ХАА Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайса-Ғали СЕЙТАҚ дүниеге келді.

календарь
Фото: Kazinform

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында туған. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақынның өлеңдері баспасөз бетінде 1987 жылдан бері жарияланып келеді. Оның «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы» атты кітаптары жарық көрген. Бір топ жырлары «Қарлығаш» ұжымдық жинағына енген.

Ол республикалық «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының лауреаты, Қ.Мырза Әли атындағы облыстық мүшәйраның бас жүлдегері, Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным – қара шаңырағым» республикалық байқауының екінші жүлдегері болды.

63 жыл бұрын (1961) Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Сәкібайұлы БЕКЖАНОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: kzl.sud.kz

Семей зоотехникалық малдәрігерлік институтын «зоотехник» мамандығы бойынша бітірген (1983); Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіy заңгер мамандығы бойынша (1994) тәмамдады.

Еңбек қызметі: Семей және Қызылорда облыстарының халық шаруашылығында, партия және комсомол органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген (1983-1994); Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының консультанты, бас маманы (1994-2000); Арал аудандық сотының судьясы (2000-2002); Арал аудандық сотының төрағасы (2002-2007); Қармақшы аудандық сотының төрағасы (2007-2010); Қызылорда қалалық сотының төрағасы (2010-2013); Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (2013-2015) төрағасы; Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 аудандық сотының төрағасы (2015-2020); Алматы қалалық сотының судьясы (2020-2022). 2022 жылдың желтоқсанынан бері қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1973) Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы ФАЙЗУЛЛИН Ерлан Жұмасейітұлы дүниеге келді.

календарь
Фото: Қостанай облысының Полиция департаменті

Торғай облысында туған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген (2000).

Еңбек жолы: 1997-2000 жылдары Қостанай қаласы ІІБ анықтаушы Қостанай қаласы, 2000-2003 жылдары ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі аға анықтаушысы, 2003-2008 жылдары Федоров АІІБ АІІБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, 2008-2012 жылдары Федоров аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 2012-2018 жылдары Қостанай облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Экономикалық тергеу қызметі Жедел іздестіру қызметі департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары Қарағанды ​​облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2019-2023 жылдары Қарағанды ​​облысының Полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің елші-кеңесшісі Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ дүниеге келді.

календарь
Фото: farabi.university

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Орталық Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, жапон әдебиеті пәнінің оқытушысы, заңгер, PhD докторы, І хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын «NIKA SERVICE-1» ЖШС мекемесінде директор болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы, ҰКП «Атамекен» Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті секторының меңгерушісі лауазымдарында, 2015-2016 жылдары «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. 2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі. 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2021 жылдан бері қазіргі қызметінде.

46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілияұлы ЕШЕНҚҰЛОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жамбыл облысында туған. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. 2006-2012 жылдары Индиана университетінде (АҚШ), Сингапур ұлттық универстетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк университетінің Сэндфор мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланд), Оңтүстік Корея мемлекеттік аудит институтында мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын өткен.

Еңбек жолы: 2000-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2007-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы, 2016-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы орынбасары, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі міндетін уақытша атқарды. 2018-2019 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

2019 жылдың ақпан-сәуір айларында ҚР Білім және ғылым вице-министрі, 2019 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы, 2021-2022 жылдары Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры – басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1985) Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Сейітмолдаұлы МҰХАНОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында туған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген (2006).

Еңбек жолы: 2006-2007 жылдары Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет басқармасының Өртке қарсы стандарттар және лицензиялау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің инженері, 2007-2009 жылдары Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өрт қауіпсіздігі нормативтерінің аға инженері, 2009-2010 жылдары Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өрт қауіпсіздігі стандарттарының бас маманы, 2010-2016 жылдары Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының өрт қауіпсіздігін реттеу бөлімінің бастығы, 2016 жылы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық іс-шаралар басқармасының бастығы, 2017-2020 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2020-2024 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2024 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

35 жыл бұрын (1989) Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімі Руслан Ерланұлы БАЗАРБАЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Абай облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы; Қазақ көлік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтар әкімшілігінің бас маманы, бөлім басшысы; «Қазтехнология» АҚ бас менеджері; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болды. 2022-2024 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

Елімізде жаттығу залы абонементінің орташа бағасы қанша
Ұқсас жаңалықтар

Елімізде жаттығу залы абонементінің орташа бағасы қанша