1 шілдеден бастап Көкшетауда жарық бағасы өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — 1 шілдеден бастап Көкшетауда электр энергиясының жаңа тарифтері қолданыла бастайды.

электричество, электроэнергия, электр энергиясы
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Көкшетау Энерго» ЖШС тұтынушыларын 2025 жылғы 1 шілдеден бастап электрмен жабдықтау бойынша шекті баға мен сараланған тарифтердің ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілгені туралы хабардар етті.

Тариф құнына электр энергиясын таратушы ұйымдар тарапынан көтерілген баға әсер еткен.

Енді Көкшетау қаласындағы жеке тұлғалар үшін орташа сату тарифі 1 киловатт-сағатқа 29,89 теңгені құрайды.

Жеке тұлғалар үшін сараланған тарифтер келесідей бөлінеді:

  • Бірінші деңгей (айына бір адамға 100 кВт/сағ дейін) — 26,79 теңге (бұрын — 25,47 теңге болды);

  • Екінші деңгей (айына бір адамға 100–190 кВт/сағ) — 35,87 теңге (бұрын — 34,19 теңге болды);

  • Үшінші деңгей (190 кВт/сағ-тан жоғары) — 44,83 теңге (бұрын — 42,74 теңге болды).

Электр энергиясын тұрмыстық емес мақсатта тұтынатын заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф — 52,91 теңге кВт/сағ. шамасында бекітілді.

Ал ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (жылыжайлар, диірмендер, нан зауыттары, мал және құс шаруашылығы кәсіпорындары) үшін тариф — 44,58 теңге кВт/сағ болып белгіленді.

Осыдан бұрын суды көп тұтынатын бизнестер қандай тарифпен төлем жасайтыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар