1 шілдеден бастап Өзбекстанда азаматтардан қағаз құжаттар талап етілмейді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл 1 шілдеден бастап Өзбекстанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардан жеке басын куәландыратын қағаз құжаттар талап етілмейді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда азаматтардан қағаз құжаттар
Фото: my.gov.uz

Өзбекстан Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, құжаттарды Мемлекеттік қызметтер порталы немесе «Әлеуметтік карта» мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Атап айтқанда, банк, нотариус, әуежай (ішкі рейстер үшін) және Өзбекстан аумағында қатынайтын пойыздарда азаматтардан қағаз құжаттар сұралмайды.

Бұған қоса, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда қызмет көрсету кезінде өзбекстандықтардан цифрлық нұсқадағы құжаттар қабылданады.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері Қазақстанның барлық мемлекеттік органдарында азаматтардың жеке басын куәландыратын электрондық құжаттар мойындалады.

Еске салайық, былтырдан бастап Өзбекстанда цифрлық нұсқадағы материалдарды сотта ресми дәлел ретінде қолдануға рұқсат етілді.

Соңғы жаңалықтар