1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясы тарифі өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — Ертеңнен бастап қазақстандықтар жарық құнын жаңа бағамен төлеуге көшеді.

1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясы бағасы өзгереді
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

2025 жылғы 29 шілдеде Энергетика министрінің міндетін атқарушы «Электр энергиясына шекті тарифті бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, электр энергиясын өндіретін компаниялардың тарифі келесідей өзгереді.

— Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС — тариф 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін көтеріледі (1 кВт/сағ үшін).

— Ақтөбе ЖЭО — 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге дейін.

— «Жайыктеплоэнерго» АҚ — 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін.

— МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» — 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін.

— «Кристалл Менеджмент» АҚ — 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін.

— «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС — 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін.

— «З-Энергоорталық» — 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін.

— «Қызылордажылуэлектроорталығы» — 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін.

— «Батыс Пауэр» ЖШС — 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін.

— «Karabatan Utility Solutions» ЖШС — 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін.

— «OzenMunaiProm» ЖШС — 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін.

— ТНК «Қазхром» АҚ — 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін.

— «ССГПО» АҚ — 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін.

Сондай-ақ электр энергиясын өндіруші ұйымдардың 63-тобына арналған тариф 1 кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.

Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстан көрші елдерден электр энергиясын импорттауды тоқтатады

Сондай-ақ Энергетика министрлігі сұйытылған газ бағасын 1 тамыздан бастап өзгертуді ұсынды

Соңғы жаңалықтар