1 жартыжылдықта 11 кәсіпорын «Өнімділік-2020» бағдарламасына қосылды

«І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 11 кәсіпорын бағдарламаға қосылды, олардың дені машина жасау және құрылыс индустриясы кәсіпорындары», - деп атап өтті Салтанат Жұмабекова.
С.Жұмабекова атап өткендей, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру аясында үй құрылысы комбинаттары құрылуда, сондықтан осындай комбинат құруға қызығушылық танытқан ұйымдар «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша лизингтік қаржыландыруды пайдалануларына болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 27 өнеркәсіптік кәсіпорын бағдарламаның қатысушылары болған еді. Лизингтік қаржыландыру 2 жоба - «Оңтүстік-құрылыс-сервис» АҚ және «Мұнаймаш» АҚ-ы бойынша ашылып та қойды. Бүгінгі күнде Қазақстанның 14 аймағында өнеркәсіптің 8 саласында жұмыс істейтін 38 өнеркәсіптік кәсіпорын бағдарламаға қатысып отыр.
«Өнімділік-2020» бағдарламасы үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған, негізгі мақсаты еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.