19:00, 30 Қараша 2011 | GMT +5
1 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бейсенбі, 1 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында таңертең және түнде тұман болады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ күтілуде. Күндіз Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында түнде тұман болжануда.
Алматы облысында түнде және таңертең тұманды болады, Жалаңашкөл аумағында секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 28-ге жетеді.