10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 208 млрд. теңге сомасында қалыптасты - Б.Жәмішев

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 208 млрд. теңге сомасында қалыптасты.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 208 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Ал республикалық бюджет бойынша тапшылық 311 млрд. теңгені құрады», - деді министр.

Б.Жәмішевтің атап өтуінше, оны қаржыландыру үшін 330 млрд теңге тартылды. Оның ішінде 290 млрд. теңге ішкі қаржыландыру және 40 млрд. теңге сыртқы қаржыландыру есебінен қарыз алу арқылы жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар