13:38, 27 Сәуір 2021 | GMT +5
10 елден Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың барлығында ПТР-анықтама болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 сәуірде Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге 4 179 авиажолаушы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 214 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 707 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 828 жолаушы;
- Актау қаласының әуежайына – 4 рейс, 430 жолаушы;
«Барлық жолаушы коронавирусқа ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген», - деп нақтылады ведомстводан.