10 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де ZOOM платформасында бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің аппеляциялық соты өтеді.

10.00-де Сарыарқа аудандық №2 сотында кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталады.

11.00-де Есіл аудандық полиция басқармасында «Астана қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының 2022 жылғы жұмыс қорытындысы» атты брифинг өтті. Спикер: Астана қаласы полиция департаменті ОӘК бастығының орынбасары Анар Жомартова.

19.00-де Номад сити холл сахнасында Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры У. Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясын ұсынады.

19.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Сергей Матвеевтің «Наедине с Пушкиным» моноспектаклі өтеді.


Фото: www.istockphoto.com


Соңғы жаңалықтар