10:51, 10 Қаңтар 2021 | GMT +5
10 қаңтар неке күні ғана емес, алғашқы отбасылық сайлау күні ретінде есте қалады - елордалықтар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы №144 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жаңадан үйлі болған ерлі - зайыптылардың пікірінше, ел үшін мұндай маңызды күні таңдау жасау — әркімнің азаматтық борышы. Сондықтан, үйлену тойының дайындығына қарамастан Фахат Жанбеков пен Ботагөз Калтаева учаскеге келуге шешім қабылдады.
Осылайша, 10 қаңтар тек неке күні ғана емес, сонымен қатар алғашқы отбасылық сайлау күні ретінде де есте қалады.
«Бүгін біздің өмірімізде екі есе маңызды күн. Еліміз үшін осындай айтулы күні отбасымыздың құрылғанына өте қуаныштымын», — дейді Ботагөз.
Жас жұбайлар дауыс берген сайлау учаскесінде 2 706 адам тіркелген.