10 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 10 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

57 жыл бұрын (1969) Алматы қалалық сотының судьясы Рүстем Ілиянұлы ЖАНСЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Рүстем Ілиянұлы ЖАНСЫҚБАЕВ
Фото: Wikipedia

Алматы облысы Киров ауданында туған. Талдықорған заң институтын бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1989-1990 жылдары Үштөбе электр желісінің электр монтері, 1990-1991 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық сотының курьері, 1991-1997 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық сотының уақытша сот атқарушысы, 1999-2000 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот шешімдерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сот орындаушысы қызметін атқарды. 2000 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот шешімдерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің кадр жұмысы бөлімінде бас маман, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Түрксіб ауданы аға сот орындаушысының міндетін атқарушы, 2001 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша аға сот орындаушысының міндетін атқарушы, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің соттар әкімшісі қызметінде болды. 2001-2003 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Алматы қалалық соттары әкімшісінің орынбасары, 2003-2008 жылдары Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы, 2008-2013 жылдары Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы, 2013-2016 жылдары Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының төрағасы, 2016-2021 жылдары Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет атқарды. 2021-2024 жылдары Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып қызмет етті.

Қазіргі қызметінде 2024 жылдың шілдесінен бастап.

56 жыл бұрын (1970) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Серікжан Жалелұлы ҒАБДУЛИН дүниеге келді.

Түмен облысында (Ресей Федерациясы) туған. 1996 жылы Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1993-1999 жылдары ішкі істер және прокуратура органдарында қызмет еткен. 1999-2013 жылдары Петропавл қалалық сотының судьясы, төрағасы болған. 2013-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сотының төрағасы, 2016–2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. 2020-2025 жылдары Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымында болған.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

56 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, «Мегаполис» және «Бизнес и власть» газеттерінің негізін қалаушы, «31 арна» ТРК негізін қалаушы, Forbes Kazakhstan жетекші іскер басылымының шығарушысы, «Таң» медиахолдингінің президенті, United Media Group компаниясының жетекшісі, Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшесі, қазақстандық Young Presidents Organization мүшесі Арманжан Мерекеұлы БАЙТАСОВ дүниеге келді.

Арманжан Мерекеұлы БАЙТАСОВ
Фото: vintage.kz

Алматы қаласында туған. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген.

1989 жылдан бастап «Азия дауысы» фестивальдар мен байқаулар бөлімінің бас редакторы, 1991-1992 жылдары «Мұрагер» шығармашылық бірлестігі бас редакторының орынбасары, 1990-1991 жылдары Қазақ теледидары жастар редакциясының редакторы, 1992-2000 жылдары «31 арна» Медиахолдингінің Президенті қызметін атқарды. 2000-2003 жылдары – ҚР Ұлттық телерадиохабарлар қауымдастығының президенті. 2001 жылдан бастап Қазақстанның Журналистика Академиясының мүшесі. 2007-2008 жылдары «Таң Медиа» директорлар кеңесінің төрағасы, 2008-2009 жылдары «Нұр-Медиа» холдингісінің бас директоры, 2009-2010 жылдары «Рауан Медиа Групп» директорлар кеңесінің төрағасы, 2010 жылдан - «ТАҢ» ТРК директорлар кеңесінің төрағасы, «Icon» ЖШС президенті болды. 2011 жылғы қыркүйектен - «UMG», компаниясының басшысы, «Forbes Kazakhstan» басылымына лицензия алды.

53 жыл бұрын (1973) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі Арман Ілиясұлы БЕКБОСЫНОВ дүниеге келді.

Арман Ілиясұлы БЕКБОСЫНОВ
Фото:Gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1995 жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтын (автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы, инженер-құрылысшы), 2014 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика, экономика және бизнес магистрі) бітірген.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысында , Өскемен қаласында автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнының I санатты инженері, 2000 жылы Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасында жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, 2001 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті ,Автомобиль жолдары желісін дамыту басқармасы, автомобиль жолдары желісін жамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, 2002 жылы ҚР Көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары комитетінің пайдалану және дамыту басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары ҚР Көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары комитетінің ғылым және нормативтер басқармасының басшысы, 2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, Көлік инфрақұрылымдық дамыту комитеті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және техникалық саясат басқармасының басшысы, 2005-2006 жылдары «Казақдорстрой» ЖШС директордың өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2007-2008 жылдары Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Атырау облыстық басқарма басшысының орынбасары, 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті директорының орынбасары, 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті автомобиль жолдарын дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2010-2013 жылдары ШҚО Катон-Қарағай ауданындағы Үлкен-Нарын ауылының әкімі, 2013-2014 жылдары «Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы, 2014-2016 жылдары ШҚО Глубокое ауданындағы Глубокое ауылының әкімі, 2017-2020 жылдары «Теміржол жөндеу» ЖШС автомобиль жолдарын салу дивизионының директоры қызметінде болды. 2021-2024 жылдары Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың тамыз айынан бастап атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған.

44 жыл бұрын (1982) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚҚСҒЗЖИ) бас директоры Бегман Бақытұлы КӨЛБАЕВ дүниеге келді.

Бегман Бақытұлы КӨЛБАЕВ
Фото: old.kazniisa.kz

«Болашақ» университетін «құрылысшы» мамандығымен, Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығымен, «Болашақ» университетін «есеп және аудит» мамандығымен тәмамдаған.

2003-2004 жылдары Қызылорда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы, 2004-2009 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппаратының жетекші маманы, бөлім басшысы, 2009-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2011-2012 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппарат басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған. 2013-2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде еңбек еткен. 2015-2017 жылдары «ҚҚСҒЗЖИ» АҚ бас инженері болған.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың қыркүйегінен.

44 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісі Дәурен Тілекұлы ЕРҒАРИН дүниеге келді.

Дәурен Тілекұлы ЕРҒАРИН
Фото: instagram.com/prokadrykz

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында туған. 2002 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы және Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) әртүрлі жедел және басшылық лауазымдарында қызмет еткен, 2015-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі офицері, басқарма басшысының орынбасары, жедел басқарма басшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Басшысының орынбасары, Жедел департаменттің басшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 3-ші департаментінің басшысы, 2020-2021 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы және Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) анықтау және жолын кесу қызметінің басшысы, 2022 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған. 2022-2024 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарды. 2024-2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.

Қазіргі қызметінде 2025 жылдың ақпанынан бері.

II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2018).

111 жыл бұрын (1915-1983) қазақтың талантты жазушысы, қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі, әйгілі «Көшпенділер», «Алтын орда» трилогиясының және бірқатар романдардың авторы Ілияс ЕСЕНБЕРЛИН дүниеге келген.

ЕСЕНБЕРЛИН Ильяс
Фото: Wikipedia

Ақмола облысында туған. Қазақ тау-кен институтын бітірген, инженер. Еңбек жолы: Жезқазған рудниктерінде инженер, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушысы; 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы; 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры; 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор; 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы; 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы; 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі; 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасының директоры; 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.

Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының он томдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.

98 жыл бұрын (1928-2010) дирижер, Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі, Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фуат Шәкірұлы МАНСҰРОВ дүниеге келді.

 Фуат Шәкірұлы МАНСҰРОВ
Фото: Wikipedia

Алматы қаласында туған. Алматы, Мәскеу консерваторияларын бітірген.

Қазақ академиялық опера және балет театрының, Қазақ радиосы симфониялық оркестрінің дирижері болған. 1958 жылдан Қазақ симфониялық оркестрінің, Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері болып, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», т.б. опералық спектакльдерге жетекшілік еткен. 1968 жылдан Татардың опера және балет театрында, Мәскеудегі Үлкен театрда, Қазан филармониясы мемлекеттік симфониялық оркестрінде бас дирижер әрі көркемдік жетекші қызметін атқарған.

«Достық», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар