10 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 10 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
71 жыл бұрын (1954) мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі Мәдина Бинешқызы ЖАРБОСЫНОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымының кандидаты, 2-сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл.
Алматы педагогикалық шет тілдер институтының оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы болып қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары – ҚР Жоғарғы Кеңесі Шетелдік ақпарат және аудармалар секторының меңгерушісі. 1995-1997 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің көп жақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бастығы - 1-департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі 1-департаментінің директоры, ҚР Сыртқы істер вице-министрі. 1999-2003 жылдары БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі, ҚР Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қосымша атқарған. 2003 жылдың ақпанынан наурызына дейін – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының төрайымы. 2003 жылдың тамызынан ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі. 2013 жылдың мамыр айында ЕҚЫҰ Украинадағы жобаларының үйлестірушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айында ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.
67 жыл бұрын (1958) Alikhan Bokeikhan University президенті Шырын Асылханқызы ҚҰРМАНБАЕВА дүниеге келді.

Семей қаласында туған. ҚазМУ-дың тарих факультетін (1980, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ заң академиясын (2000) бітірген. Тарихшы, саясаттану ғылымның докторы (2003), профессоры (2006). Ресей саясаттану академиясының толық мүшесі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004).
Еңбек жолы: 1980-1982 жылдары Семей малдәрігерлік институтында ассистент, 1982-1998 жылдары Семей ет және сүт өнеркәсібі технология институтында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2000-2003 жылдары Қазақ заң академиясы Семей бөлімшесінің және Семей заң институтының (2000–2003) директоры, 2003-2007 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, 2007-2009 жылдары Семей университетінің президенті қызметтерін атқарды. 2009-2023 жылдары Қазақ гуманитарлық-инновациялық заң университетінің ректоры лауазымын атқарды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
«Қазақстандағы саяси жүйесі трансформациясының барысында сайлау технологиясының дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.
52 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Маралбек Ақылбекұлы ЕСІМОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Жақсы ауданында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (1998).
Еңбек жолы: Ақмола облысы Жақсы аудандық ІІБ күзет бөлімінің электр монтері (1990-1991, 1993-1994); Қостанай облысының прокуратурасында қызмет (1998-2005); бөлім прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің Ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы (2005-2012); ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық көлік басқармасының бастығы (2012-2018); ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы (2018-2019) болып қызмет атқарған.
2019 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1976) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Сәдуақасұлы ҚОЖАСБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Сарқан ауданында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысы қаржы полициясының қызметкері (1999-2004); Күрделі құрылыс, инвестициялық жобалар департаментінің директоры; әртүрлі компаниялардағы бас менеджер; «Парасат Холдингі» АҚ вице-президенті; «Энерго-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы; «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2018-2020); «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Өңірлік даму институты» АҚ басқарма төрағасы (2020-2023) қызметін атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
41 жыл бұрын (1984) Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Мұхамедәліұлы ҚАЮПОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген, экономика магистрі; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы АМУ, мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолы: «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жастарды жұмыспен қамту жобасының аға үйлестірушісі (2010-2011); Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы (2011-2012); Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасының бас маманы (2012-2013); Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы (2013); Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығының бас сарапшысы; Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы; қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы (2018-2020); Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары (2020-07.2024).
2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Әсет Нұрланұлы ТҰРЫСОВ дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры» мамандығын бітірді. 2017 жылы «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша «Нархоз» университетін аяқтады.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелер дирекциясының операциялық жүйелерді басқару бөлімінің инженер-жүйе әкімшісі болып бастаған. 2011-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып қызмет етті. 2014 жылы Астана қаласындағы «Халыққа қызмет ету орталығы» РМК, 2014-2018 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет етті. 2017 жылдан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры. 2018-2021 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
29 жыл бұрын (1996) Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Қуанәліұлы СЕРІКБАЙ дүниеге келді.

Алматы Энергетика және байланыс университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018 жылы Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2022-2023 жылдары Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2023-2025 жылдары Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың шілде айында кірісті.