10 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 10 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2020 жылғы қаңтар-қазандағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков қатысады. https://www.youtube.com/user/ortcomkz

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жоғары білім саласындағы өзгерістер туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев қатысады. https://www.youtube.com/user/ortcomkz

15.00-де Халықаралық Түркі академиясы танымал түрколог Дьюла Неметтің 130 жылдығына орай «Мажарстандағы түркология» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізеді.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Рим папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына орай понтификтің 2001 жылғы Қазақстанға ресми сапарына арналған «Иоанн Павел ІІ – диалог Папасы» көрмесі ашылады.

17.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының №259 аудиториясында «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Еркебұлан Нұғымановтың ұйымдастыруымен «Парасатты қоғам және жастар» атты дөңгелек үстел өтеді.


Соңғы жаңалықтар