10 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 10 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

10 қазан. ЖҰМА Бүкіләлемдік жүйке саулығы күні. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Бүкіләлемдік жүйке саулығы федерациясының шешімімен 1992 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні. Куба - Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығындағы Куба, Хувентуд және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан мемлекет. Астанасы - Гавана қаласы. Ақша бірлігі - Куба песосы. Ресми тілі - испан тілі. 1976 жылғы қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Осы екі Кеңестің төрағасы мемлекет басшысы болып есептеледі. Фиджи Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1970). Фиджи - Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Ел 300-ден астам аралдардың 100-де орналасқан. Астанасы - Сува қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - фиджи доллары.

Қытай Республикасының Ұлттық мейрамы

Бұл күн 1911 жылы 10 қазанда болған көтерілістің құрметіне таңдалды. Учан қаласындағы көтеріліс Синьхай революциясының басталуына түрткі болды. Нәтижесінде Цин әулетінің билігі құлап , Қытай Республикасы құрылды.

Өлім жазасына қарсы дүниежүзілік күн

203 жылы өлім жазасына тыйым салу бойынша дүниежүзілік коалициясы бекітті.

120 құқық қорғау ұйымы өлім жазасына тыйым салу бойынша дүниежүзілік коалицияның мүшесі болып табылады. Коалицияның басты мақсаты - әлемдегі өлім жазасын жою.

Анталиядағы «Алтын апельсин» Халықаралық кинофестивалі (2014 жылы)

«Алтын апельсин» Халықаралық кинофестивалі - сАзиядағы белгілі кинофестиваль. Бұл шара түрік кинематография саласында өте маңызды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 52 жыл бұрын (1962) Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін шығарды.

21 жыл бұрын (1993) «Итоги» ақпараттық бағдарламасымен НТВ телекомпаниясы өз жұмысын бастады.

17 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты ел дамуының стратегиялық жоспары болып табылатын еңбегі жарық көрді.

1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттар сайлауы, соның ішінде партиялық тізіммен де өтті.

14 жыл (2000) бұрын Астанада Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәджікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы келісімшартқа қол қойды.

1 1 жыл бұрын (2003) Алматыда «Религии мира. Культовые сооружения» атты көркем пошта маркаларының таныстырылымы өтті. Екі марка да филателистердің қызығушылығын арттырады және әлем діндеріне арналған алғашқы серия болып табылады. Маркаларда Қазақстанда ең көп тараған екі дін бейнеленген: олар Алматының орталық мешіті және Вознесенский кафедралдық шіркеуі. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Маркалардың таралымы - 70 мың дана, құны - 50 теңге.

8 жыл бұрын (2006) Запорожьеде (Украина) Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы ашылды.

6 жыл бұрын (2008) Астана қаласының Халықаралық әуежайында «Борбардье» корпорациясының CRJ ұшағының тұсаукесері өтті.

6 жыл бұрын (2008) Мәскеуде Ресей ғылым академиясының «Шығыс әдебиеті» баспасынан «Қазақ тілі» кітабы жарық көрді. Оқулық М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Кавказ және Орталық Азия оқу-ғылыми орталығында дайындалған. Оқу құралы Ресей ғылым академиясы Тілтану институтының бас ғылыми қызметкері, ММУ профессоры Кеңесбай Мұсаевтың орыс тілді оқушыларға қазақ тілін үйрету жөніндегі көпжылдық тәжірибесіне негізделген. Ол - «Қазақ тілі оқулығы» мен «Фонетикалық курстан» тұратын оқу-әдістемелік топтама. Мұнда тілді бастапқы үйренуге қажетті формалар, яғни грамматикалық, қоғамдық-саяси, көркем әдебиеттер мен күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер берілген.

3 жыл (2011) бұрын Қарағандыда Қазыбек би ескерткіші ашылды.Ескерткіш авторы - астаналық мүсінші Мұрат Мансұров. Қоладан жасалған мүсіннің биіктігі 6 метр. Ол 8 метрлік тұғырға қойылды. 2 жыл (2012) бұрын Шымкентте мүмкіндігі шектеулі суретшінің «Өмірді сүйгендер» көрмесі өтті. Анатолий Бауэр қолсыз, бояу жаққышты (қылқаламды) тістерімен ұстап сурет салады. Суретші соңғы 12 жылда салған суреттерін жұртшылық назарына ұсынған.

1 жыл (2013) бұрын Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесінің 192-сессиясының аясында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Ә.Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы қазақ бейнелеу өнерінің «алтын қорына» енгізілген.

1 жыл (2013) бұрын Павлодарда ақын және драматург Қалижан Бекхожинге ескерткіш орнатылды. Мүсіннің салмағы - 3,2 т, биіктігі - 2,6 метр. Ол биіктігі 195 см тұғырдың үстіне қойылды.

10 3 жыл бұрын (1911) Қытайда монархия құлап, Сунь Ят Сен республика жариялады.

51 жыл (1963) бұрын ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігі мен су астында сынауға тыйым салу туралы келісім күшіне енді.

24 жыл (1990) бұрын Башқұртстан өзін КСРО құрамындағы одақтас республика деп жариялады.

ЕСІМДЕР

15 1 жыл бұрын (1863-1956) геология ғылымының докторы, КСРО Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының құрметті академигі, Ленин атындағы сыйлығының, 2 мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ОБРУЧЕВ Владимир Афанасьевич дүниеге келді. Ресейдің Калинин облысында туған. Петербор (қазіргі Санкт-Петербор) кен институтын бітірген. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Сібірдің, Орталық және Орта Азияның, Торғай, Орталық Қазақстан, Кенді Алтай аймақтары геологиясын зерттеуге арналған. Қазақстанда металлогениялық зерттеулердің дамуына көп еңбек сіңірген. Обручевтің құрметіне 22 географиялық және геологиялық атау, жануарлар мен өсімдіктердің 28 түрі аталған. КСРО Ғылым академиясында 1938 жылы В.Обручев атындағы сыйлық тағайындалған. 5 рет «Ленин» орденімен, 2 рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған.

10 8 жыл бұрын (1906-1987) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері БИЯШЕВ Ғақаш Зәкиұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Орта Азия мемлекеттік университетін және Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1936-1939 жылдары - Қазақ мақта-жоңышқа тәжірибе стансасының ғылыми қызметкері. 1939-1950 жылдары - Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақ КСР Егін шаруашылығы халық комиссариаты Оңтүстік-батыс басқармасының бас агрономы. 1950-1957 және 1961-1965 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1957-1961 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті. 1965-1987 жылдары Қазақ КСР ҒА Ботаника институтының директоры, гетерозия зертханасының меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Ол қант қызылшасы мен қоза биологиясын зерттеп, оларды республикада өсіру жүйесін жасады. Ғалымның 2 авторлық куәлігі бар. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

100 жыл бұрын (1914-1993) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ҚАЙЫПОВ Арықтай Қайыпұлы дүниеге келді. Қазіргі Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданында туған. Қазақ кен-металлургия (Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1939 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Шұбартау геологиялық партиясын басқарды. 1943-1993 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық институтының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. Негізгі ғылыми жұмыстары металлогения саласына арналған. Орталық Қазақстанда Ақмая сирек металл кен орнын ашқан. Бұл кеніш 2-дүниежүзілік соғыс жылдары қорғасын өндірісін вольфрам концентратымен қамтамасыз етіп тұрды. Ғалымның Ащысай және Зырянов кендерінде жүргізген зерттеулері жаңа кентас қабаттарын табууға, кендердің жалпы қорын анықтауға мүмкіндік беріп, Зырянов қаласында қорғасын комбинатының салынуына негіз болды. Комбинаттың жаңа шикізат қорын тауып, үздіксіз жұмыс істеуіне үлкен үлес қосты. Оның Жетісу Алатауында, Шығыстағы Миөзек - Құсмұрын металлогениялық белдемінде, Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің төменгі палеозойдағы жаңартаулық жыныстармен байланыстылығы Қазақстан аумағында алғаш рет анықталды. Қазақстанның және Орта Азияның металлогениялық картасын құрастырушылардың бірі болды. Ғалымның басшылығымен 11-томдық «Металлогения Казахстана» монографиясы жарық көрді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Орденмен және медальдармен марапатталған. Алматыдағы Геологиялық ғылымдар институты ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта қойылған.

9 1 жыл бұрын (1923-1984) ақын РУЗЫЕВ Абдулхай дүниеге келді. Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған. 1933 жылы әке-шешесімен бірге Қытайдың Шығыс Түркістан аймағына қоныс аударған. Құлжа қаласындағы ұлттық гимназияны бітірген. Содан кейін бастауыш мектепте мұғалім, қалалық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы Жазушылар одағында поэзия секциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1962 жылы Қазақстанға қайта оралған. Көп жылдар бойы республикалық ұйғыр музыка театрында қызмет еткен. Соңғы жылдары «Мектеп» баспасында корректор, «Жазушы» баспасында аға редактор болып істеген. Алғашқы өлеңдері газет-журналда басылып, «Іле әуендері» атты тұңғыш жинағы 1950 жылы жарық көрді. Аудармамен де шұғылданып, Б.Майлин әңгімелерін ұйғыр тіліне тәржімалаған. Ақынның «Дала әуені», «Көктем шашуы», «Талтүс», «Арайлы таң», «Сарқырама сарыны» атты өлеңдері бар.

8 9 жыл бұрын (1925-1986) жазушы, аудармашы АБДУЛЛИН Хизмет Әбдімүт әлі пұлы дүниеге келді. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951-1955 жылдары - Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы. 1955-1980 жылдары - ұйғыр тілінде шығатын «Иеңи һаят», «Коммунизм туғи» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болды. Оның шығармаларының негізгі өзегін ел қорғау, бостандық жолындағы күрес, болашаққа деген сенім, махаббат, адамгершілік мәселелері құрайды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған «Тұрфан аясында» романы, «Ауылдастар», «Тағдыр», «Отты шеңбер», «Жылдарға жауап», «Гүлстан», т.б. көптеген повестері мен әңгімелер жинақтары, «Анаят», «Давутжан», т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары бар. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, Р.Тагор, М.В.Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалады. Оның «Тас түйін» аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.

8 8 жыл бұрын (1926-2010) өнертану ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚҰНДАҚБАЕВ Бағыбек дүниеге келді. Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Ташкенттің А.Островский атындағы театр-сурет институтын, Мәскеудегі А.Луначарский атындағы ГИТИС-тің аспирантурасын бітірген. Балалар мен жасөспірімдер театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінің оқытушысы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі болған. Ол М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б.Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шығады», И.Экренің «Сау басыма - сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған.

7 9 жыл бұрын (1935) жазушы, журналист, фельетоншы УАЙДИН Үмбетбай Уайдаұлы дүниеге келді. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1958 жылы Шалқар аудандық газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші, 1959 жылдан қазақ радиосы, «Ара» журналы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Оның «Қара көзілдірік» (1968), «Құрдым шиыр» (1971), «Ендігісін айтпаймын» (1974), «Ішіңбілсін» (1976), «Контейнермен келген кемпір» (1978), «Тілсіз қоңырау» (1980), «Быды-быды» (1982), «Нанайын ба, нанабайын ба?» (1984), «Инабат иірімдері» (1985), «Мәселе қайда жатыр?» (1987), «Пәлен-пәштуан» (1992), «Мәңгілік мәселе» (1993), «Көпен Әмірбек» (2005), «Із» (2005), «Әдеп әлемі» (2008) кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938-1994) ақын, жазушы РАХИМОВ Ерғазы Аққазыұлы дүниеге келді. Қытай Халық Республикасының Шығыс Түркістан аймағында туған. Абай атындағы Алматы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Аягөз аудандық Мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, Аягөз аудандық «Алға» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Алғашында аудандық, облыстық газеттерде басылып жүрген лирикалық өлеңдері, көркем очерктері мен қысқа әңгімелері оқырман қауымды тілінің сонылығымен, ойларының құнарлығымен бірден елең еткізді. Көп ұзамай республикалық басылымдарда жарияланған туындылары арқылы елімізге талантты ақын, майталман журналист ретінде танылды. Қаламгердің «Мұңсызбайдың мұрагерлері», «Өкпеті өрендері», «Тентек келін», «Терісайрық» әңгімелер мен повестер жинақтары, «Зейнел күйі», «Жырлайды жүрек», «Ымырт пен қобыз» өлеңдер мен дастандар жинақтары жарық көрді.

56 жыл (1958) бұрын Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімі ӘЛИЕВ Бағдат Байшалұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы бойынша - агроном. Еңбек жолын Жамбыл ауданындағы «Дегерес» жылқы зауытының аға шопаны болып бастап, осы зауыттың нұсқаушы-әдіскері, агрономы, Жамбыл аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Жамбыл аудандық халық депутаттары Кеңесінің және атқару комитетінің аппарат басшысы қызметтерін атқарды. Көп жылдар бойы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосты. Кейін «Сұңқар» АҚ төрағасы, «Отан» партиясы Жамбыл аудандық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы болды. 2009 жылдан - Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

55 жыл бұрын (1959) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ӘШІМОВ Нұрғали Сәдуақасұлы дүниеге келді. Шымкент қаласында дүниеге келді. Мәскеу экономика-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1981-1987 жылдары - Қазақ КСРО Мемжоспарының жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші қызметкері. 1987-1990 жылдары - Қазақ КСРО Мемжоспарының жанындағы жоспарлау үдерісін автоматтандыру мен басқару құрылымын өрістету ғылыми-зерттеу институтының (ӨБАЖ ҒЗИ) бөлім меңгерушісі. 1990 жылдан - Қазақ КСРО Министрліктер кеңесі жанындағы Республикалық кадрларды қайта дайындау институтының аға оқытушысы, Қазақ химия-технологиялық институтының аға оқытушысы. 1992 жылдың наурызынан - Мемлекет басшысының кеңесшісі, 1992 жылдың тамызынан - Мемлекет басшысының Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша әкімдігі орынбасары - мемлекеттік мүлік бойынша Оңтүстік-Қазақстан аймақтық комитетінің төрағасы. 1993 жылдың желтоқсанынан - Мемлекет басшысының Оңтүстік-Қазақстан облыстық әкімдігінің орынбасары. 1996 жылдан - Оңтүстік-Қазақстан облыстық Ұлттық банк басқармасының бастығы. 1997 жылдан - экономика және сауда вице-министрі. 1997 жылдан - «Тұран Әлем Банкі» жабық акционерлік қоғам басқармасы төрағасының орынбасары. 1998 жылдан - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 1999 жылдың ақпанынан - Қостанай қаласының әкімі. 2000 жылдың шілдесінен «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг бойынша вице-президенті. 2000 жылдың қарашасынынан - «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ның бас директоры. 2001 жылдың қаңтарынан - «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ның президенті. 2003 жылдың маусымынан - Энергетика және минералды ресурстарының алғашқы вице-министрі. 2003-2007 жылдары - Батыс-Қазақстан облысының әкімі. 2007-2009 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі. 2009 жылдың наурызынан ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі. Қазіргі қызметінде 2012 жылдың қағтарынан бері. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

5 4 жыл бұрын (1960) «Қазақстандық қор биржасы» АҚ вице-президенті-басқарма мүшесі ЦАЛЮК Андрей Юрьевич дүниеге келді.

Киев қаласында туған. А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

1982 жылдан геология кәсіпорындарында әртүрлі жұимыстарда болды. 1982 жылдан - «Семиречье» Ақпараттық агенттігі» ЖШС-да - инжекнер-бағдарламасы, ақпараттық бөлім бастығы, директордың ақпарат жөніндегі орынбасарыц. 1996 жылдан - «Алматы қаржы құралдары биржесы» ЖАҚ ақпарат және талдау бөлімінің бастығы. 1998-2008 жылдары - «Ирбис» қаржылық тәуекелдер ақпараттық агенттігі» ЖШС бас директоры. 1999 жылдан - «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-дпа ақпарат және талдау бөлімінің бастығы, 2007 жылдан ақпарат және талдау департаментінің директоры. Қазірі қызметінде - 2007 жылғы қазаннан бері.

ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

47 жыл (1967) бұрын Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі ТАШМАҒАМБЕТОВ Төлеген Жұмабекұлы дүниеге келді.

Қостанай облысы Наурызым ауданы Докучаев ауылында туған. Білімі жоғары.1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын аяқтаған, мамандығы - зооинженер. 2002 жылы Қостанай бизнес және басқару институтын аяқтаған, мамандығы - экономист-бухгалтер.

Еңбек қызметін Қостанай облысының Наурызым ауданы «Көктал» совхозында бастаған. Содан кейін Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін атқарған. 1992 жылдан бастап Қостанай облысы Наурызым ауданында ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеген. 1994 жылдан бастап ассистент, Қостанай ауыл шаруашылық институтының ғылыми қызметкері.1995 жылдан 2000 жылға дейін Салық комитеті органында әр түрлі басшылық лауазымында қызметін атқарған, 2000 жылдан 2006 жылға дейін Қостанай облысы Наурызым ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы болған.2006 жылдан 2010 жылға қазан айына дейін Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімі болып, 2010 жылдың 16 қазанында Ұзынкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.

44 жыл (1970) бұрын «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж Ұ МАШЕВ Қ аныбек Бекболат ұлы дүниеге келді.

Маңғышлақ облысы Ералы ауданының Ералы кентінде дүниеге келген. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін химик-дәріскер мамандығы бойынша. 2006 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Дарынды балалар мәселелері, білім беру жүйесін басқарудың нысандары, қазақ тілін оқытатын мектептердің мәселелері бойынша 4 мақаланың авторы.

43 жыл бұрын (1971) «VISOR» Холдингі директорлар кеңесінің төрағасы КӘРІБЖАНОВ Айдан Тобаниязұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 1994-1996 жылдары - «Credit Commercial de France» банкінің Париждегі, Мәскеудегі қызметкері, Қазақстандағы өкілдігінің директоры. 1996-1997 жылдары - «Global Kazkommerts Securities» АҚ бас директорының орынбасары. 1997-2001 жылдары - «Kazkommerts Securities» ААҚ-ының бас директоры. 1998-2001 жылдары - «Казкоммерцбанк» ААҚ-ының басқарушы директоры. 2001-2004 жылдары - «VISOR Investment Solutions» ЖШС-інің және «VISOR Новые границы» ЖАҚ-ының басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-ының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2004 жылдан - «VISOR Investment Solutions» АҚ-ының президенті. 2008 жылдан «Самұрық-Инвест» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры, 2009-2010 жылдары - «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры -басқарма мүшесі. 2011-2012 жылдары - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Қазргі қызметінде - 2012 жылдан бері.

38 жыл (1976) бұрын Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы ЕРМЕКОВ Әділет Тоқтамысұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдаған (1998). 2011 жылдың қыркүйегінен қазіргі қызметінде.

283 жыл бұрын (1731-1810) ағылшын физигі және химигі, Лондон корольдық қоғамының мүшесі КАВЕНДИШ Генри дүниеге келді. Оның негізгі еңбектері газдар химиясы мен эксперименттік физиканың әр түрлі салаларына арналған. Газдарды жинау, тазалау, және оны зерттеу әдістерін жасап таза күйіндегі сутек пен көмірқышқыл газын алды және олардың меншікті салмағын т.б. қасиеттерін анықтады. Кавендиштің жылу және электр саласы бойынша жүргізген біраз зерттеулері, оның өзі қайтыс болғаннан кейін, көптеген жылдардан соң жарияланды. Ол ғылымға электр потенциалы ұғымын енгізіп, электр конденсаторы сыйымдылығының ортаға тәуелділігін, электр зарядтарының бір-біріне тигізетін әсерін зерттеді. 1798 жылы иірілмелі таразы әдісін пайдалана отырып, Жер шарының орташа тығыздығын анықтады. 1871 жылы Кембридж университетінде ұйымдастырылған физика зертханасы Кавендиш есімімен аталады.

15 3 жыл бұрын (1861-1930) норвег саяхатшысы, океанографы, Петербор ҒА-ның құрметті профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты НАНСЕН Фритьоф дүниеге келді. Ол Солтүстік Мұзды мұхиттың су құрамы, мұз қозғалысындағы жердің тәуліктік айналысының әсері, т.б. жөнінде құнды ғылыми деректер жинаған. 1900 жылы Солтүстік Мұзды мұхит ағысын зерттеу экспедициясына қатысқан. Арктика мен Антарктиканың бірсыпыра нысандары Нансен есімімен аталады.

20 1 жыл бұрын (1813-1901) итальян композиторы, итальяндық опера мектебінің басты тұлғаларының бірі Джузеппе ВЕРДИ дүниеге келді

105 жыл бұрын (1909-2002) театр және кино актері, КСРО халық әртісі ФРЕЙНДЛИХ Бруно Артурович дүниеге келді.

113 жыл бұрын (1901-1966) швейцариялық мүсінші кескіндемеші және график Альберто ДЖАКОМЕТТИ - дүниеге келді.

9 3 жыл бұрын (1921-2002) техника ғылымының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ПРЕСНЯКОВ Александр Александрович дүниеге келді. Ресей Федерациясында туған. Мәскеу алтын және түсті металдар институтын бітірген. 1955-1977 жылдары - Қазақ КСР ҒА Ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Органикалық катализ және электрохимия институтының зертхана меңгерушісі. 1973 жылдан Қазақ политехникалық институтының, 1982 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығы институтының профессоры болған. Негізгі ғылыми еңбектері металды қысым мен өңдеу, металдың физика-химиялық анализін, металлофизикасын зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол КСРО-да автоматтандырылған мыс вайербасын оттексіз алу цехын жасағандардың бірі болды.

Соңғы жаңалықтар