10 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 10 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

55 жыл бұрын (1970) ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы ЖҰМАШЕВ дүниеге келді.

Қаныбек Бекболатұлы ЖҰМАШЕВ
Фото: primeminister.kz

Маңғыстау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1992 жылы «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы цехының технологі болып еңбек жолын бастады. 1992-1993 жылдары «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасының ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы зертханасының инженері, 1993-1995 жылдары Ақтау қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищеде химия пәнінің оқытушысы, 1997 жылы колледжде химия пәнінің оқытушысы, орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі, 1997-2000 жылдары Маңғыстау облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша жетекші маманы болып еңбек етті. 2000-2004 жылдары Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры болды. 2004-2005 жылдары Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының міндетін атқарды. 2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының орынбасары, директоры, 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысы Білім басқармасының бастығы, 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясында жұмыс істеді. 2019-2020 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, 2021-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.

54 жыл бұрын (1971) Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жасқайратұлы ЖАНШИН дүниеге келді.

Жанболат Жасқайратұлы ЖАНШИН
Фото: Gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған. 2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетінің басқару және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары Батыс Қазақстан облысы ІІБ Казталов ауданы ІІБ әкімшілік практика инспекторы, 1999-2004 жылдары БҚО ІІБ Бөрлі ауданы ІІБ АЭБ мемлекеттік автоинспекторы, 2012-2013 жылдары БҚО ІІД жанындағы тіркеу және емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы, 2016-2018 жылдары БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, 2018-2020 жылдары БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, 2020 жылы БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, 2020-2024 жылдары БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

47 жыл бұрын (1978) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Алмасбекұлы ЕЛЕУОВ дүниеге келді.

Ғалымжан Алмасбекұлы ЕЛЕУОВ
Фото: Gov.kz

Ақтөбе қаласында туған. 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Хирургия» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта аспирантурада оқыды. 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы диссертациясын сәтті қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін МБА іскерлік әкімшілендіру саласындағы Дьюк Университетінің Фукуа бизнес-мектебінің бағдарламасы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы: 2002 жылы Ақтөбе қаласындағы «№ 2 қалалық емхана» МКК дәрігер-хирург болды. 2004-2010 жылдары Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары Ақтөбе қаласындағы «№ 2 қалалық емхана» МКК бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарды. 2010-2021 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Дару клиникасы» оңалту медициналық орталығының директоры, 2016-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «DARU» ұлттық оңалту медициналық орталығының директоры, 2018-2021 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Көз Жарығы» клиникасы офтальмологиялық орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласындағы «DARU NEFROS» медицина орталығының директоры, 2021-2023 жылдары VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен атқарып келеді.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Ерен еңбегі үшін» (2020), ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2020) медальдарымен, «Жомарт жан» (2019) төс белгісімен марапатталған.

39 жыл бұрын (1986) ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Серікұлы ОЛЖАБЕКОВ дүниеге келді.

Мәлік Серікұлы ОЛЖАБЕКОВч
Фото: Gov.kz

Алматы облысында туған. КИМЭП университетін бизнес әкімшілігі мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы, Назарбаев Университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері болып еңбек жолын бастады. 2012-2017 жылдары «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, 2019-2021 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың қыркүйегінен атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар